Бастама
2024 жылғы 11 желтоқсанда Astana Hub-та Alem.AI Жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстыру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Жасанды интеллект негізінде білім беруді, ғылыми зерттеуді және стартап-кәсіпкерлікті біріктіретін инновациялық бағдарлама.
2024 жылғы 11 желтоқсанда Astana Hub-та Alem.AI Жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстыру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті AI-Sana бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, энергетика және басқа салалар бойынша білім алатын студенттерге ЖИ және AI-кәсіпкерлік саласында қосымша құзыреттер беру. Қазақстанның технологиялық және экономикалық өсу драйвері ретінде Deep Tech-стартаптарын құруға ерекше назар аударылған.
Coursera, Huawei және Astana Hub платформаларындағы ЖИ курстары: бакалаврлар, магистранттар, докторанттар үшін трендтер, базалық қағидалар, салаларда қолдану.
ЖИ негізінде кәсіпкерлік дағдылар, базалық бағдарламалау және машиналық оқыту.
Студенттік жобаларды құрылымдау, ауқымын кеңейту стратегиясы, нарық қажеттіліктеріне бағдарлау.
Стартаптардың пре-акселерациясы, акселерациясы және пост-акселерациясы: MVP, бизнес-модельдер, инвестиция.
Жоба аясында университет білім алушыларды білім беру үдерісінде ЖИ технологияларын тиімді қолдану бойынша оқытып, сертификаттады және 1 және 4 курс студенттері мен магистранттарға арналған «AI-Sana бағдарламасы және жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі» ғылыми-танымдық конференциясын өткізді.
Дереккөз: gov.kz, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі · gov.kz